Жаңалықтар

Қарағандыда оқушыны соққыға жыққан кондуктор жұмыстан шеттетілді (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Қарағандыда оқушыны соққыға жыққан кондуктор жұмыстан шеттетілді (ВИДЕО)

Қарағанды қаласында қоғамдық көліктің кондукторы мектеп оқушысына қол көтерген. Жергілікті автопарк өкілдері оқиғаға қатысты түсініктеме берді деп жазды turkystan.kz. Еске сала кетсек, кеше әлеуметтік желіде автобус қызметкерінің оқушыны алқымынан алып, балағаттаған видеосы тараған болатын. Желідегі ақпарат бойынша, оқиға №56 автобуста болған. Видео авторы кондуктордың жас жолаушыда ONAY картасының болмағаны үшін ашуға мінгенін жазған.