Жаңалықтар

Лукашенко Украинаға әскер жіберуге уәде берді

ашық дереккөзі

Лукашенко Украинаға әскер жіберуге уәде берді

Беларусь әскері Ресейдің Украинадағы операциясына қатыспайды, бірақ қажет болған жағдайда келуі мүмкін. Бұл туралы ел Президенті Александр Лукашенко әскерилермен өткен жедел кеңесте айтты деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. «Біз бұл қақтығысқа қатысамыз ба, жоқ па дегенге қазірше жауап бере алмаймын. Дәл қазіргі сәтте біздің әскер ол қақтығыста жоқ. Бірақ алдағы уақытта Беларусь пен Ресейге қажет болса барады, қақтығысқа қатысады», - деді ол. Александр Лукашенко Украина қақтығысты қалайтынын, себебі оның алдын алу үшін ештеңе жасамағанын айтты. «Бұқаралық ақпарат құралдарынан жасырылған барлық дерек олардың (Украина, - ред.) бұл қақтығысты қалағанын айғақтайды. Себебі оны болдыртпау үшін ешнәрсе істемеді. Олар үнемі шиеленіскен нәрсені одан ары шиеленістіре түсті. Тіпті бұл республикалар (Донбасс, - ред.) тәуелсіздігін мойындағаннан кейін де», - деді Лукашенко. Белта агенттігінің хабарлауынша, Беларусь Президенті Украина жеңілген тарап ретінде Ресейдің талаптарын орындауы керек деген пікір білдірген. «Иә, олар (талаптар, - ред.) Украинаға қатысты қатал болады. Егер жеңіліп қалса, не болады? Әрине, жеңімпаз өз талабын айтады. Бұл жағдайда Украина үшін бір талапты орындау соғыста жеңілгенінен әлдеқайда жақсы болады», - деді Беларусь Президенті әскери қызметкерлермен жедел кездесуде.