Жаңалықтар

Ірі компаниялар корпоративтен бас тартты

ашық дереккөзі

Ірі компаниялар корпоративтен бас тартты

Депутаттар, "Самұрық-Қазына" және Эйр Астана" компаниялары жаңа жылдық корпаративтерден бас тартты. ҚР Мәжілісінің депутаттары мен кейбір ұлттық компаниялар жаңа жылдық корпаративтік кештерді өткізуден бас тартты. "Бізде ешқандай корпаративтер жоспарланбаған. Біз қатаң жұмыс кестесі бойынша істейміз және қазір парламент сайтынан көруге болады. Жаңа жылда бізде де төрт күндік демалыс болады, ал 4 қаңтарда регламент бойынша біз аймақтарға сапарлаймыз. Аймақтарда, шалғау аудандарда жұмыс істейміз, халықпен кездесу өткіземіз. Парламентте қыдырып кететін демалыстар да болмайды, бұл жақсы ма, жаман ба - өздеріңіз шешерсіздер", -  деді Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына жауап бере отырып ҚР Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев. Мәжілісвумен Ирина Аронова да депутаттардың Жаңа жыл қарсаңында ешқандай корпаративті кештер ұйымдастырмайтынын растап, бұл отбасылық мейрам және ошақ қасында аталып өтетінін айтты. "Біз жаңа жылдық корпаративтер өткізбейміз, бірақ компания жыл сайын Алматының Түркісіб ауданындағы кемтар және жаңдайы төмен отбасындағы балаларға сыйлықтар береді", - дейді бұл мәселе бойынша Air Astana әуе компаниясының өкілдері. "Самұрық-Қазына" компаниясында да, бюджет есебінен корпаративті мереклік кештер ұйымдастырылмайтынын, дегенмен, қызметкерлердің өз қалтасынан мерекелік шаралар ұйымдастыруы да сөгіске жатпайтынын айтты.