Жаңалықтар

Калининград маңында АҚШ-тың танкілері жүр

ашық дереккөзі

Калининград маңында АҚШ-тың танкілері жүр

Ресей Федерациясының Калининградтағы азық-түлік қоймалары бос, ал шекарадан 18 шақырым жерде АҚШ танкілері байқалды. Бұл туралы Оrda.kz тілшісіне Калининградтың жергілікті тұрғыны хабарлаған деп жазды turkystan.kz. Ресейден өнім тиелген жүк көліктері Литва шекарасынан бірнеше апта бойы өте алмай тұр. Өнімдер Польша шекарасынан да келмейді. Бұл ретте Польша билігі Ресей мен Беларуське қарсы санкциялық шектеулерге сілтеме жасап отыр. Дегенмен әлі де дүкендерде өнімдер бар. Ал газды өшіріп тастауы әбден мүмкін. Әзірге порттағы газды крейсер шамамен бір айға жетеді.