Антон Геращенко Украинаның барлық өңірінде оқ атылып жатқанын мәлімдеді

24 ақпан, 2022 / Қанат Жаңбырбай
ашық дереккөзі
Антон Геращенко Украинаның барлық өңірінде оқ атылып жатқанын мәлімдеді Украина Ішкі істер министрінің орынбасары Антон Геращенко Ресей жүргізіп жатқан операция салдарынан бірнеше адамның көз жұмғанын айтты деп жазды turkystan.kz. Шенеуніктің айтуынша, Херсон облысындағы Чонгар және Каланчак қалаларында әскери бөлім мен Бровар әскери қалашығына оқ атылған. Әуе соққысы кезінде ғимарат өртеніп, 4 қабатты үй жартылай қираған. Алдын ала ақпарат бойынша 1 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алған.
«Сумск облысындағы Конотоп ауданында автокөлікке оқ атылды.  Салдарынан баласы бар әйел зардап шекті. Сағат 08.36-да Одесса облысындағы Подольск қаласында №0173 әскери бөліміне бомба тасталды. Салдарынан 6 адам қаза тауып, 7 адам жараланды. Ал 19 адам жоғалып кетті. Сағат 08.38-де Донецк облысындағы Мариуполь қаласында атыс салдарынан 1 адам қаза тауып, 2 адам жараланды» деп жазды Антон Геращенко Facebook-тегі парақшасына.
Сондай-ақ Ішкі істер министрінің орынбасары елдегі жағдайға тоқталды: