Ресей-Украина қақтығысы: Тоқаевтың баспасөз хатшысы сұхбат береді

Ресей-Украина қақтығысы: Тоқаевтың баспасөз хатшысы сұхбат береді

Ресей-Украина қақтығысы: Тоқаевтың баспасөз хатшысы сұхбат береді
ашық дереккөзі
ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Ресей мен Украинадағы жағдайға қатысты бүгін 20:30-да «Qazaqstan» ұлттық телеарнасына арнайы сұхбат береді деп хабарлады turkystan.kz. Айта кетсек, бүгін Ресей Президенті Владимир Путин Донбаста арнайы әскери операция бастағанын жариялаған еді. Қазір екі ел арасында әскери іс-қимылдар жүріп жатыр. Осы мәселеде Қазақстанның ұстанымы қандай екенін, сондай-ақ Қаңтар оқиғасына қатысты сауалдарға жауап беріледі.