Оралда аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған 19 жастағы қыз ұсталды

Оралда аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған 19 жастағы қыз ұсталды

Оралда аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған 19 жастағы қыз ұсталды
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысында полицейлер 2003 жылы туған қала тұрғынынан құрамында есірткі бар препараттарды тәркіледі деп жазды turkystan.kz. БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір тергеу облыс аумағына синтетикалық есірткілерді жеткізу арналарын анықтау үстінде.
«Есірткіні заңсыз тарату дерегі бойынша 2003 жылғы қыз қолға түсті. Тінту кезінде күдіктіден 4,37 граммдық 6 пакет және 26,92 граммдық 40 пакет алынды. Сарапшы қорытындысына сәйкес, бұл синтетикалық есірткі – мефедрон болып шықты. Алынған заттар мөлшері аса ірі көлем ретінде айқындалды», - деп хабарлады ведомстводан.
Осы дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігіне («Есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу мақсатында тасымалдау») сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.