Илья Ильин министрліктен кету туралы арыз берді

Илья Ильин министрліктен кету туралы арыз берді

Илья Ильин министрліктен кету туралы арыз берді
ашық дереккөзі
Илья Ильин министрліктен қызметтен кету туралы арыз берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Қалай болғанда да менің абыройыма нұқсан келді. Менің арым таза, мен таза жұмыс істедім. Бірақ мына бізге берілген сараптамаларды үлкен мекеме жіберді, олар "Кешіріңіз, сіз жұмыс істей алмайсыз" дейді. Мен не үшін жұмыс істеуім керек деп ойладым, ойымды жинақтап, ары қарай қайда баратынымды жоспарлауым тиіс. Мақсат қойып, бағыт таңдап, сосын барып мені жұмысқа алыңыз деймін. Бірінші миымды тынықтырып, жұмысқа барып, сонда ғана бірдеңе ұсынуға болады. Бүгін бір ғажайып болады деп сендім, алайда олай болмады. Негізінде көп жерде өзіңді керек ететін жерлер көп. Сондықтан мен әзірше жұмыстан босату туралы арыз жазып, шешім қабылдауға асықпауды ұйғардым", - деді Ильин ОКҚ брифингі барысында. "Алға қарай жүру керек. МВА-ға оқуға түсіп, екінші жақтан кәсіпкерлікпен айналысамын", - деді спортшы. "Бізде әркім өз жұмысын істейді, мүмкін сол да біздің кемшілігіміз шығар. Мен басында тырыстым, бірнеше жігітке қоңырау шалдым. Олар да не істейтінін білмейді. Мүмкін мен бәріне хабарласармын. Барлығы да аң-таң болып, не болып жатқанын түсінбейді. Неге? Қалай? Барлығы да осылай. Ары қарай жылжу керек", - дейді Илья. Спортшы ешкімге кінә тақпайтынын айтты. "Мен біреуге кінә тағуға құқым жоқ. Біз әділ жеңдік, жеңіле де білу керек, халықпен кездесіп, жауап беретін де солар. Мен ешкімге кінә артпаймын: өзіме де, бапкерлеріме де, айналамдағы адамдарға да. Біз біреуден кінә іздемей, өзіміз шешім шығаруымыз қажет. Егер мен біреуді саусағыммен нұсқайтын болсам, бұдан ештеңе өзгере қоймайды. Барлығы да қуанып, құшақтасты, ал қиын кезде соққыны қабылдауға да дайын болу қажет", - деді Ильин. "Мемлекет басшысымен біз бұл тақырыпта сөйлеспедік. Менің ойымша, Президент бұдан хабардар, қазіргі кезде қиын жағдайға тап болған атлеттерді қалай қолдау керектігін ойлап отырған болар. Медальдар болады, жақсы мектеп, барлығы да жақсы болады. Жігіттер жақсы көтеріп жүр, облыстарда жақсы жұмыстар істелініп жатыр", - деп аяқтады ауыратлет өз сөзін. Еске салайық, бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті Халықаралық Олимпиадалық комитеті тарапынан 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық спортшы Илья Ильинге қатысты ағзасынан тыйым салынған препараттардың ізі табылғандықтан, жаза қолданылғандығы туралы ресми хабарлама алған болатын. Ал кейін Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы жүлделерінен айырылған Илья Ильинге байланысты жағдай туралы мәлімдеме жасаған еді. Мұның алдында ХОК Светлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло мен Майя Манезаны допинг сынымылары расталғаннан кейін 2012 жылғы Олипиаданың алтынынан айырған, ал еркін күрес палуаны Таймураз Тигиевті 2008 Олипиаданың күміс жүлдесінен айырып, Алмас Өтешіовтың нәтижесін жойған болатын. Кейін тағы бес спортшы Мария Грабовецкая (75 келіден жоғары категорияда қола медаль алған), Әсет Мәмбетов (96 келіге дейінгі салмақта қола медаль алған), Майя Манеза (турнир басталмай тұрып, жарыстардан шығып қалған), Ирина Некрасова ("63 келіге дейінгі салмақта күміс медаль еншілеген) және Владимир Седовтардың (85 келіге дейінгі категорияда төртінші орын алған) жетістігін жою мен жарыстан шеттетілетіні туралы хабарланған болатын.