Жаңалықтар

"Қолжетімді баспана — 2020″ бағдарламасы үшін 30 млрд. теңге бөлінді

ашық дереккөзі

"Қолжетімді баспана — 2020″ бағдарламасы үшін 30 млрд. теңге бөлінді

Қазақстанның мемлекеттің әлеуметтік саясатының аясында арзан тұрғын үй құрылысының жаңа Бағдарламасын енгізді.

ТҮҚЖБ басшылығының пікірінше, депозиттерді екінші деңгейлі банктерде (ЕДБ) уағдалы орналастыру бағдарламасы әлеуметтік тұрғын үй құрылысының көлемін арттыруға мүмкіндік беріп отыр. "Қолжетімді баспана — 2020″ бағдарламасы бойынша құрылыс көлемін арттыру үшін банк желісі арқылы мемлекет қосымша 30 млрд. теңге бөліп отыр. Біз өз қаражатымыздан тағы 20 млрд. теңгені бөліп, оларды ЕДБ-дегі депозиттер ретінде минималды жылдық 3%-бен орналасыруға дайынбыз. Бұл ретте ЕДБ Бағдарламаға қатысу үшін құрылысшыларға несиелер беруі тиіс, мұнда пайыздар қатаң ескертілген яғни 7 пайыздан жоғары емес. Егер 2014 жылы ТҮҚЖБ желісі бойынша 429,3 мың ш.м. берілсе, үстіміздегі жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы бойынша қосымша тағы 120-130 мың ш.м. әлеуметтік түрғын үйді тұрғызуға көмектеспек», — деп мәлімдеді ТҮҚЖБ Басқарма Төрағасының орынбасары Ербол Қарашүкеев.