Жаңалықтар

«Халық бізді қуды»: Мамай өзін кімдер сабамақ болғанын айтты

ашық дереккөзі

«Халық бізді қуды»: Мамай өзін кімдер сабамақ болғанын айтты

Әлеуметтік желілерде Жаңаөзен қаласында Жанболат Мамайды сабады деген ақпарат тарады. Бірақ бұл ақпаратты Жанболат Мамай теріске шығарды деп хабарлады turkystan.kz. «Бүгін Жаңаөзенде «халық бізді қуды» деп жалған ақпарат таратып жатыр. Бұл - таза өтірік. «Жанарыста» ереуілдеп тұрған аналарға барып, қолдау көрсеттік. Олардың айлықтары 60 мың теңгені құрайды, соны 100 пайызға өсіруді талап етіп тұр. Сол кісілермен сөйлесіп тұрғанымызда 10 шақты бетперде таққан биліктің арандатушылары келіп, бізге шабуылдады. Бірақ ереуілде тұрған халық оларды қуып шықты», - дейді ол. Тағы оқи отырыңыз: Жаңаөзендіктер Жанболат Мамайды тас атып қуды (ВИДЕО)