Головкинді айыптаймын деген Уордтың өзі ұятқа қалды

Головкинді айыптаймын деген Уордтың өзі ұятқа қалды

Головкинді айыптаймын деген Уордтың өзі ұятқа қалды
ашық дереккөзі
Екі салмақ дәрежесіндегі әлемнің бұрынғы чемпионы Андре Уорд қазақстандық Геннадий Головкинге әлеуметтік желілер арқылы «шабуыл» жасап, соңында өзі ыңғайсыз жағдайға қалды деп жазды turkystan.kz egemen.kz-ке сілтеме жасап. Дау Twitter әлеуметтік желісінде басталған. АҚШ боксшысы жанкүйерінің сұрағына «Геннадий Головкин екеуара жекпе-жектен бар болғаны 5 минутта бас тартты» деп жауап берген. Американдықтың бұл сөзін Геннадий Головкин назардан тыс қалдырған жоқ.
«Жанкүйерлеріңді алдағанды доғар, Андре! Мен Давид Лемьеге қарсы жекпе-жекті ресми жариялағаннан кейін ғана сенің командаң ұсыныс жасады. Аталмыш шайқас Madison Square Garden кешенінде аншлагпен өтті. Сен мен секілді билетті сата алмағандықтан әлі күнге ызаланып жүрсің», - деп жауап қайтарды отандасымыз.
Бұдан кейін әлеуметтік желілерде жанкүйерлер мен мамандар Андре Уордтың ұсақ адам екенін, болмайтын дүниені жазғанын айтып, сын тезіне алды. Бір сөзбен айтқанда, артық сөзімен айыпты болған Андре абырой тапқан жоқ. Бір қызығы, боксшы ретінде кәсіби мансабын аяқтаған американдықтың жоқ жерден Геннадий Головкинге шүйліккені түсініксіз. Бәлкім, қазақ боксшысымен әлі де қолғап түйістіріп, қомақты қаражатты қалтасына басқысы келетін шығар.