Ресей-Украина шекарасында жарылыстар көбейді (ВИДЕО)

Ресей-Украина шекарасында жарылыстар көбейді (ВИДЕО)

Ресей-Украина шекарасында жарылыстар көбейді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Жергілікті тұрғындар Ресей мен Украина шекарасындағы бірқатар қалада жарылыс болғанын айтты деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Ресейдің Белгород қаласының тұрғындары жарылыс болып, жаңғырығы бүкіл қалаға естілгенін айтты. Болжам бойынша, бұл - жаппай өрт жүйесінің іске қосылуынан шыққан дыбыс. Сондай-ақ желіде куәгерлер түсірген кадрлар пайда болды. Оған қоса, әлеуметтік желілерде Донецк облысындағы Украинаның Мариуполь қаласында жарылыс болғаны хабарланды. Украинаның Сумы облысы, Краснополье ауылының тұрғындары да осындай жағдайға куә болған. Бұл ретте Ресей Қорғаныс министрлігі РИА Новостиге жоғары дәлдіктегі қару-жарақ Украина әскерінің әскери инфрақұрылымын, әуе шабуылына қарсы қорғаныс нысандарын, әскери аэродромдарын және авиациясын істен шығарып жатқанын хабарлаған.