Жаңалықтар

Теңге құлдырауда: доллар бағамы 450 теңгеге дейін көтерілді

ашық дереккөзі

Теңге құлдырауда: доллар бағамы 450 теңгеге дейін көтерілді

Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде доллар бағамы 450 теңгеге дейін көтеріліп, KASE қор нарығындағы сауданың басталуы кейінге шегерілді деп хабарлады turkystan.kz. Kurs.kz қызметінің 10:37-дегі мәліметі бойынша, ақша айырбастау орындары долларды 443 теңгеден сатып алып, 450 теңгеден сатуда. Осы арада KASE веб-сайтында қор нарығындағы сауда-саттықтың басталуы кейінге қалдырылғаны туралы хабарлама пайда болды. «Техникалық себептерге байланысты KASE қор нарығындағы сауда-саттық Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де ашық болады», - делінген хабарламада. Сауда алаңының 09:21-дегі (Нұр-Сұлтан уақыты) мәліметіне сәйкес, Лондонның ICE биржасында 2022 жылдың сәуір айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстік келісімшартының құны барреліне 3,3%-ға өсіп, 100,04 долларды құрады.