Біздің міндетіміз – партияны жаңғырту
Біздің міндетіміз – партияны жаңғырту
Өздеріңізге белгілі, ел Президенті, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев партия жұмысын жаңғырту бағытында үлкен міндеттер жүктеген болатын. Осыған орай, партия Төрағасы 1 наурызда кезектен тыс XXII Съезін шақыру туралы шешім қабылдады және онда партия жұмысын жаңғыртудың негізгі бағыттары айқындалмақ.
«Nur Otan» Ақмола облыстық филиалында облыс әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Е. Маржақпаевтың қатысуымен Саяси кеңес отырысы өтті. Жиында осы саяси шараға өңір атынан қатысатын делегаттарды сайлау туралы мәселе қаралды.
Бізді, партия мүшелерін, 1 наурызда өтетін съезде қандай сұрақтар қаралатыны баршамызды толғандырады, өйткені партия жұмысы жаңа бағытқа бой бұрмақ.
Съезд ағымдағы міндеттерді анықтап, одан әрі демократияландыру және плюрализмді дамыту бағытының жалғасады деп ойлаймын. Реформалау саясатында алға қойылған міндеттер мен мақсаттарды орындау, бұл менің бірінші – азаматтық, екінші – қызметтік борышым.
Анар КЕКЕНОВА,
Есіл аумақтық филиалы төрағасының орынбасары