Жаңартылған партия. Жаңа Қазақстан

Жаңартылған партия. Жаңа Қазақстан

Жаңартылған партия. Жаңа Қазақстан
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалында Саяси кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІІ съезіне Ақмола облысынан делегаттар сайлау мәселесі қаралды. Сонымен қатар партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ХХІ съезде берген тапсырмалары аясында атқарылған іс-шаралар жеткізілді. Онлайн форматта өткен мәжілісті «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ермек Маржықпаев жүргізді. Төраға Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Nur Otan» партиясының ХХІ съезінде айтқан тапсырмаларын орындаудың маңыздылығына тоқталып өтті. Одан кейін сөз сөйлеген партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов «Nur Otan» партиясының ХХІ съезінде көрсетілген тапсырмалардың атқарылу жағдайы бойынша есеп берді. Мемлекет басшысының «Nur Otan» партиясы елімізді жан-жақты жаңғыртуға белсене араласып, Қазақстанның прогрессивті өзгерістері мен жаңаруының нағыз қозғаушы күші болуға тиіс» деген сөзін құптай отырып, партия негізінен идеологиялық жұмыстармен айналысып, Үкіметпен бірлесе отырып, сайлау алдындағы уәделердің орындалуын түбегейлі қадағалауы керек. Сонымен қатар, Саяси кеңес отырысына қатысушылар партияның ХХІІ съезіне қатысатын делегаттарды сайлады. Сөйтіп, Ақмола облысынан саяси маңызы зор жиынға 28 делегат онлайн түрде қатысатын болады. Жалпы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары мен сьезд шешімдерін орындау жұмыстары жалғасуда. 1 наурыздағы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXII съезі қазіргі Қазақстан тарихында ел дамуының жаңа бағытының, оның демократиялануы мен партиялық-саяси жүйенің трансформациялануының бастапқы нүктесі, келесі кезеңі ретінде көрініс табады деп ойлаймын. Жаңартылған партия. Жаңа Қазақстан. Партия жұмысына жаңа көзқарас - қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын жақсартудың жаңа тәсілдері болатындығына сенімдімін.

 Айнагүл БАЛТАШЕВА,

Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы АОФ жанындағы отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестің төрағасы