«Қазақстанда ең жоғарғы зейнетақы 550 мың теңгеге жуық» – БЖЗҚ

«Қазақстанда ең жоғарғы зейнетақы 550 мың теңгеге жуық» – БЖЗҚ

«Қазақстанда ең жоғарғы зейнетақы 550 мың теңгеге жуық» – БЖЗҚ
ашық дереккөзі
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ еліміздегі ең жоғарғы зейнетақы мөлшерін, сол сияқты тұрғын үй жағдайын жақсарту мен денсаулығы үшін қазақстандықтар жыл басынан бері қордан қанша қаражат алғанын мәлімдеді деп жазды turkystan.kz. Жыл басынан бері БЖЗҚ өз салымшыларына 113,2 млрд теңге төлеген. Атап айтқанда, жасына байланысты төлемдер – 6,6 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 3,8 млрд теңге, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер – 3,5 млрд теңге, сақтандыру ұйымдарына аударымдар шамамен 1,6 млрд теңге, жерлеуге арналған төлемдер – 0,4 млрд теңге және мүгедектік бойынша төлемдер – 0,2 млрд теңге.
«Қаражаттың 97 миллиард теңгесі, яғни оның басым бөлігі - тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері. БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем (зейнет жасына толуына байланысты) 29 200 теңге болса, ал ай сайынғы ең жоғары төлем 548 741 теңге болды», - делінген акционерлік қоғамның хабарламасында.