«Путин Украинаға толыққанды шабуылды бастады» - Украина СІМ
«Путин Украинаға толыққанды шабуылды бастады» - Украина СІМ
Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Twitter-дегі парақшасында Ресейдің Украинаға толыққанды шабуыл бастағанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Путин Украинаға толыққанды шабуылды бастады. Украинаның бейбіт қалаларына шабуыл жасалып жатыр. Бұл - агрессив соғыс. Әлем Путинді тоқтата алады және тоқтатуы керек. Украина өзін қорғап, жеңеді. Әрекет ететін уақыт келді», - делінген хабарламада.
Putin has just launched a full-scale invasion of Ukraine. Peaceful Ukrainian cities are under strikes. This is a war of aggression. Ukraine will defend itself and will win. The world can and must stop Putin. The time to act is now.
— Dmytro Kuleba (@DmytroKuleba) February 24, 2022