Алматылық қарттардың сеніміне кірген «әлеуметтік қызметкер» ұсталды

Алматылық қарттардың сеніміне кірген «әлеуметтік қызметкер» ұсталды

Алматылық қарттардың сеніміне кірген «әлеуметтік қызметкер» ұсталды
ашық дереккөзі
Алматыда полицейлер қарттардың жиып-терген ақшаларын жымқырған алаяқ әйелді ұстады. Ол өзін әлеуметтік қызметкер ретінде таныстырып келген деп жазды turkystan.kz. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram-дағы парақшасына жазды. 1984 жылы туған келішек жәбірленушілердің сеніміне кірген соң, оларға жәрдемақы беремін деген желеумен қалтасындағы ақшасын айырбастап беруді өтінген. Ақкөңіл қариялар бөлмеден шыққан кезде әйел ақшаны ұрлап отырған. Соңғы рет күдікті бір зейнеткердің миллион теңгесін алып кеткен. Полицияға хабарласқан зардап шегушілер әртүрлі мөлшерде зиян шеккендерін айтқан. Күдікті ұсталған кезде полиция екі бірдей эпизодты анықтаған. Яғни, 1929 және 1930 жылы туған зейнеткерлер әйелдің кім екенін таныған. Ұсталған әйелге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу барысы мен нәтижесі Алматы қалалық Полиция департаментінде бақылауға алынған.