Зеленский ресейліктерге орыс тілінде үндеу жасады (ВИДЕО)

Зеленский ресейліктерге орыс тілінде үндеу жасады (ВИДЕО)

Зеленский ресейліктерге орыс тілінде үндеу жасады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Украина Президенті Владимир Зеленский Ресей Федерациясының азаматтарына орыс тілінде үндеу жасады деп хабарлады turkystan.kz.
«Бүгін мен Ресей Федерациясының Президентімен телефон арқылы сөйлесуге ниет білдірдім. Бірақ әзірге тыныш. Алайда тыныштық Донбасста болуы керек еді», - деді Зеленский.
Оның айтуынша, Украинаға ешқандай соғыс қажет емес. Осы ретте Зеленский Украинадағы ұлтшылдық туралы барлық айыптауды жоққа шығарды. Айтуынша, ертеде нацизмді жеңу үшін Украина халқы 8 миллионнан астам адамынан айырылған.
«Бізге ешқандай соғыс - қырғи-қабақ соғыс та, гибридтік соғыс та қажет емес, мұны анық білеміз. Бірақ әскер кіретін болса, біздің мемлекетімізге, бостандығымызға, өмірімізге, біздің балаларымыздың өміріне қол сұғуға тырысса, біз қорғанамыз. Соғыс - үлкен қасірет, бұл қасіреттің бағасы ауыр», - деді Украина Президенті.
Зеленскийдің айтуынша, Украина билігі Ресей үшін ешқандай қауіп төндірмеген және болашақта да төндірмейді.
«Сіздерге Украина Ресейге қауіп төндіруі мүмкін деп айтуда. Алайда, бұрын да бұлай болмаған, қазір де жоқ және болашақта да болмайды. Сіздер НАТО-дан қауіпсіздік кепілдігін талап етудесіздер. Бізде өз қауіпсіздігіміздің кепілдігін сіздерден, Ресейден және Будапешт меморандумы бойынша кепілдеме берген басқаларынан да талап етеміз», - деді ол.
Сонымен қатар, Владимир Зеленский үндеуінде орыстар мен украиндар әртүрлі халық екенін, бірақ бұл жауласуға себеп емес екенін баса айтты.