«Бауырымыздың сау-тамтығы қалмаған»: түрмеде азапталған жігіттің туыстары жыларман күйде

«Бауырымыздың сау-тамтығы қалмаған»: түрмеде азапталған жігіттің туыстары жыларман күйде

«Бауырымыздың сау-тамтығы қалмаған»: түрмеде азапталған жігіттің туыстары жыларман күйде
ашық дереккөзі
Сарқыт Салқанов есімді азамат биылғы қаңтарда Талдықорғанда болған шеруде көпшілік алдында сөз сөйлеген. 32 жастағы азаматтың туысқандары оның митингте белсенділік танытқанымен, ешқандай басбұзарлыққа бармағанын айтады. Алайда қаңтар оқиғасынан соң ұсталып, кейін босатылған жігіт қайта қамауға алынған деп хабарлады turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. Туысқандары тергеу абақтысында азапталған бауырының сау-тамтығы қалмағанын айтты.
«Салқанов Сарқытты 12 қаңтарда алып кетіп, СИЗО-аға алып барып, соққан. Барлық анықтамалары бар. Қатты зақым алған. Қабырғалары сынған. Содан кейін оны босатып, қайтадан қаңтарда алып кетті. Міне, 40 күндей болды, әлі қамауда», - деді қарындасы Қаламқас Бисембаева.
Ал күдіктінің тергеу барысында оңбай таяқ жегенін дәлелдеген адвокат қорғалушысын үтікпен күйдірмек болғанын да растады. Айтуынша, оған «Жаппай тәртіпсіздікке қатысу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бірақ ол шеруге шықса да, ештеңе бүлдірмеген адамды бір ауыз сөзі үшін қамауға болмайды деген пікірде.
«Сөзінің аяғында «жүріңдер әкімдікке» деген ғой. Сосын ең соңында «ешнәрсе бүлдірмеңдер, қиратпаңдар» деген. Тергеу сараптама тағайындап жатыр. Айқайлаған дауыс соныкі ме, бұл жерде бұзақылыққа шақыру бар ма дегендей, филологиялық сараптама жүргізіп жатыр. Соны күтіп отырмыз», - деді адвокат Төлеген Бердіқожа.
Ал «Ақиқат» қоғамдық комиссиясы түрмедегі азаптауға қатысты бірде-бір істің әлі сотқа жетпегеніне қапалы. Бірақ олар Қызылорда, Алматы облысы мен Алматы қаласынан көп өтініш түсіп жатқанын айтты. Ал осыған дейін абақтыдан шыққандардың дені үйқамаққа ауыстырылған.
«Комиссияның араласуымен 60-тан астам адам босатылды. Ал сенбі күні 20 адам абақтыдан шықты. 10 адам Алматы қаласынан, 10 адам Алматы облысынан босатылды. Атыраудан қанша адам шығатынын білмейміз. Қызылордадан «9 адам шығарылып жатыр» деген хат алдық», - деді «Ақиқат» қоғамдық комиссиясының жетекшісі Айман Омарова.
Тағы оқи отырыңыз: Тоқаев тергеудегі азаптаулар туралы пікір білдірді