Жаңалықтар

Әділбек Жақсыбековтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

ашық дереккөзі

Әділбек Жақсыбековтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

«QazaqGaz» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді деп хабарлады turkystan.kz  компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Әділбек Жақсыбеков, Қайрат Шәріпбаев және Мәлік Сәулебайдың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды» деп жазылған хабарламада. Ернат Бердіғұлов «QazaqGaz» директорлар кеңесінің төрағасы болды. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, директорлар кеңесі төрт адамнан тұрады. Олар: Ернат Бердіғұлов, Юрий Казутин, Айрат Нұрғазиев және Серік Жаманбалин. Еске сала кетсек, «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы былтыр QazaqGaz болып өзгертілген еді.