Венесуэлада Ресейде жасалған тікұшақ құлады (ВИДЕО)

Венесуэлада Ресейде жасалған тікұшақ құлады (ВИДЕО)

Венесуэлада Ресейде жасалған тікұшақ құлады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Апат салдарынан екі сарбаз қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға Венесуэланың солтүстік-батысында болған. Боливар ұлттық қарулы күштері (FANB) қолбасшылығының мәліметінше, Ресейде жасалған тікұшақ Лара штатындағы Баркисимето қаласының маңындағы егістік алқабына құлаған. Тірі қалған адамдарды жергілікті тұрғындар бөлініп қалған ұшақ қирандыларының арасынан шығарып алған. Оқиғаның себептері анықталуда. Әлеуметтік желіде Ми-17 тікұшақ апатының видеосы пайда болды. Айта кетсек, Венесуэлада 2001-2021 жылдар аралығында ұшаққа қатысты 83 оқыс оқиға тіркелген. Салдарынан 169 бейбіт тұрғын мен әскери қызметкер қаза тауып, тағы 55 адам жарақат алған.