Қызылордалық тұрғындар Мәжіліс депутаттарына ұсыныстарын жеткізді

Қызылордалық тұрғындар Мәжіліс депутаттарына ұсыныстарын жеткізді

Қызылордалық тұрғындар Мәжіліс депутаттарына ұсыныстарын жеткізді
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаттары, Nur Otan партиясының мүшелері  - Бақытбек Смағұл, Ғалым Әміреев және Геннадий Шиповских Сыр өңіріндегі жұмыс сапары барысында азаматтарды қабылдап, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берді деп хабарлады turkystan.kz. Тұрғындар кездесу барысында құқықтық, кәсіпкерлік, өңірдегі қуаңшылық, денсаулық сақтау, тұрғын үй, әлеуметтік көмек алу және жерге қатысты мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, көпбалалы ана Назерке Қадырова денсаулық, әлеумет, балалардың білім мәселесімен қоса аймақта шешімін таппаған мәселелерді алға тартса, Сырдария ауданынан келген Қайрат Жалғасов депутаттардан жайлымдық жер, Сырдария өзенінің тартылуы жөнінде айтып, жалпы шаруалар үшін ең қажетті су мәселесін шешіп беруге ықпал етуді сұрады. Азаматтар өтінішін тыңдаған депутаттар әр сұрақ бойынша жеке-жеке жұмыс жүргізетіндерін жеткізді. партия Айта кетсек, кейінгі уақытта Қызылорда қаласында 2005-2006 жылдары жер кезегіне тұрған азаматтарға жер телімдері беріле бастады. Дегенмен, өздеріне берілген жер телімінің қолайсыз жерде орналасқанын, балабақша, мектептен алыс екенін айтып, шағымданып жүргендер де бар. Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл азаматтармен бірнеше кездесулер өткізіп, қызылордалықтарды қандай мәселелер толғандырып жүргенін көпшіліктің өз аузынан естіп-білгенін айтты. партия
— Ауыл тұрғындары мен қала тұрғындарының арыз-мұңдары арасында айырмашылықтар бар. Ауылдықтарды, негізінен, іс бастау үшін несие алу, мал жайылымы, су мен субсидияға қол жеткізу секілді мәселелер толғандырады. Қалалықтар болса баспана, тұрмыстық сипаттағы мәселелерді шешу төңірегінде көбірек шағымданады. Ауылда да, қалада да жұмыс іздеп жүргендер бар. Біз жергілікті жерде шешімін табатын мәселелерді атқарушы органдарға ұсыныс ретінде жолдап, Парламентте көтеретін мәселелерді назарға алдық,- деді Бақытбек Смағұл.
Тағы оқи отырыңыз: Жол азабын тартқан мәжілісмен «қыр астындағы» ауылға 8 сағатта жеткен