Түркия президентінің Африкаға сапары кезінде оққағары қайтыс болды

Түркия президентінің Африкаға сапары кезінде оққағары қайтыс болды

Түркия президентінің Африкаға сапары кезінде оққағары қайтыс болды
ашық дереккөзі
Сенегалда Түркия Президентінің қауіпсіздік департаменті арнайы операциялар бөлімінің директоры жүрек талмасынан қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Hurriyet басылымының хабарлауынша, Эреннің денесі Түркияға Президент Ердоғанның ұшағымен жеткізілген.

«Президент Режеп Тайып Ердоғанмен бірге Африкаға барған арнайы операциялар бөлімінің басшысы Хайреттин Эрен жүрек талмасынан қайтыс болды. Оны аман алып қалу мүмкін болмады» деп жазады газет.

Түркияның Сыртқы істер және Қаржы министрліктерінің басшылары Эреннің отбасына көңіл айтып үлгерді.

Тағы оқи отырыңыз: Ердоған келесі жылы президенттік сайлауға тағы қатысады