Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII Съезіне 399 делегат сайланды

Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII Съезіне 399 делегат сайланды

Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII Съезіне 399 делегат сайланды
ашық дереккөзі
Бүгін еліміздің барлық өңірлерінде Саяси кеңестердің отырыстары өтіп, олардың қорытындылары бойынша партияның кезектен тыс XXII Съезіне 399 делегат сайланды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл жайында Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов мәлімдеді.
«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Nur Otan-ның Съезі 1 наурызға жоспарланған. Іс-шара барысында партия жұмысын одан әрі жаңғырту бойынша басымдықтарды талқылау жоспарланып отыр» деп жазды Асхат Оралов әлеуметтік желіде.
Айта кетсек, Съезд онлайн форматта өтеді. Тағы оқи отырыңыз: Асхат Оралов Үкімет басшысымен кездесті