«Жетпегені осы еді»: Африкадан қыз алып, сәлем салдыру да сән болды (ВИДЕО)

«Жетпегені осы еді»: Африкадан қыз алып, сәлем салдыру да сән болды (ВИДЕО)

«Жетпегені осы еді»: Африкадан қыз алып, сәлем салдыру да сән болды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қазақ жігіті африкалық бойжеткенмен шаңырақ көтерді. Жас келіннің атасы мен енесіне шай құйып, сәлем салған сәтінің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап кетті. Онда қазақ жігіті Африкадан қыз әкелгені жазылған деп хабарлады turkystan.kz exk.kz-ке сілтеме жасап. Видео келін шайы кезінде түсірілгенін байқауға болады. Онда әппақ көйлек киіп, басына орамал таққан қара қыз шай құйып, кесені алдымен қайын атасына, сосын енесіне әкеліп, иіліп сәлем салады. Бұл рәсімдерді келіннің қасында тұрған әйел қазақ тілінде түсіндіріп, жөн сілтейді. Видеоны көрген желі қолданушылары жастарға бақыт тіледі. Ал енді бірі өзге ұлттың өкілімен шаңырақ көтерген жігітті сөгіп тастады.
«Келін құтты болсын, бақытты болыңдар!», «Енді жетпегені осы еді», «Өзіміздің қыздарға жетпейді», «Кеше ғана қазақ қыздары басқа ұлттың жігітіне шықты деп айыптап еді. Енді не айтасыңдар?», «Жігіттің түрін көрсетіңдерші, африкалық құдалар «өз жігітіміз табылмады ма, қазаққа тигені несі?» деп жазып жатқан шығар, иә? Бастысы, махаббаттары берік болсын» деп жазды желі қолданушылары.
Жас келіннің еліміздің қай өңіріне тұрмысқа шыққаны белгісіз. Желідегілердің болжамынша, шай құйып, сәлем салу еліміздің батысында кеңінен тараған.