Жаңалықтар

«Nur Otan» партиясының ХХІІ Съезіне Шымкенттен 12 делегат сайланды

ашық дереккөзі

«Nur Otan» партиясының ХХІІ Съезіне Шымкенттен 12 делегат сайланды

Бүгін «NurOtan» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс Саяси кеңесінің отырысы өтті. Саяси кеңес мәжілісіне «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтенов төрағалық етті. Күн тәртібінде бір мәселе қаралып, партияның кезектен тыс ХХІІ Съезіне Шымкент қаласынан қатысатын делегаттар анықталды. Отырысқа қалалық мәслихат хатшысы Б. Нарымбетов және партия филиалының Саяси кеңесі мүшелері қатысты. Күн тәртібіне сәйкес ашық дауыспен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІІ Съезіне 12 делегат сайланды. Делегаттар құрамына партияның Саяси кеңесі мүшелері, партия белсенділері мен жауапты қызметкерлер енді.