Жол азабын тартқан мәжілісмен «қыр астындағы» ауылға 8 сағатта жеткен

Жол азабын тартқан мәжілісмен «қыр астындағы» ауылға 8 сағатта жеткен

Жол азабын тартқан мәжілісмен «қыр астындағы» ауылға 8 сағатта жеткен
ашық дереккөзі
Қызылорда облысында ел аралап, халықпен кездесуге барған Парламент Мәжілісінің депутаты батпаққа батып қалды. Жол талғамайтын көлікпен сапарға шықса да, депутат Геннадий Шиповских 8 сағаттан астам батпақты жолдың азабын тартқан деп жазды turkystan.kz. Қазір депутат Қазалы мен Арал аудандарын аралап жүр. Оның айтуынша, елде шешімін таппай жүрген проблемалар жетерлік. Ауыл халқының тұрмыс-тіршілігіне қолайлы жағдай жасалмаған. Жол талғамайтын қос көлікпен іссапарға шыққан Геннадий Шиповских әбден батпаққа батып, 120 шақырым жердегі ауылға әрең жеткен.
«Қазалы ауданының ең шалғай елдімекені – Сарыбұлақ ауылдық округіне бардым. Ауыл аудан орталығынан 120 шақырым қашықтықта орналасқан. Жол өте нашар. Халықты қабылдап, оларды толғандырған мәселелерін тыңдайын деген едім. Батпаққа әбден батып, әрең жеттік. Аудан орталығынан Сарыбұлақ округіне барып-қайту үшін тек жолға 8 сағаттан астам уақытымыз кетті. Ауылдағы Мәдениет үйі ескірген, апаттық жағдайда тұр. Ауылда жастардың саны аз емес. Алайда олардың баратын жері жоқ. Әйтеке би кентінен ауылға қатынайтын жол өте нашар. 500-ге жуық адам тұратын шағын ауыл тұрғындарының аудан орталығына қатынауы қиын», - деді Мәжіліс депутаты.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Геннадий Шиповских (@gennadiishipovskikh)

Сондай-ақ ол тендер арқылы мемлекеттік тапсырыс алған танымал компаниялар бастаған әлеуметтік құрылыс нысандарының аяқсыз қалғанын жеткізді. Мемлекеттің қаржысы желге ұшқан. Үкіметтің арнайы бағдарламасы қабылданғанына қарамастан, өңірдегі ауыз су мәселесі сол қалпы шешілмеген. Аймақтың өзінен табиғи газ шығып жатса да, халық көгілдір отынға қол жеткізе алмаған.
«Шалғайдағы ауылдарда проблема көп. Бұл ауылдар үшін әлі күнге табиғи газ қолжетімсіз. Газ құбырын жүргізу керек. Ауылдарда жайылымдық жер мәселесі де бар. Мәселен, Арал ауданында 38 мың, Сексеуіл кентінде 13 мың адам тұрады. Кентте өрт сөндіру бекеті де жоқ», - деді депутат.