Ақтөбе облысынан съезге 21 делегат сайланды

Ақтөбе облысынан съезге 21 делегат сайланды

Ақтөбе облысынан съезге 21 делегат сайланды
ашық дереккөзі
Бүгінде «Nur Otan»-ға үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Сондықтан біз өз жұмысымызды қайта қарауымыз керек. 1 наурызда өтетін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІІ съезінде партия жұмысын жаңғырту басымдықтары талқыланбақ. Бүгін партияның Ақтөбе облыстық филиалы Саяси кеңесінің отырысын онлайн өткізіп, маңызды жиынға қатысатын делегаттарды анықтадық. Сонымен съезге өңірімізден 21 партия мүшесі сайланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айындағы Жолдауында саяси реформаларды ұсынатынын айтқан болатын. Партия Төрағасының жаңа Қазақстанды құру бойынша алға қойған міндеттерін сапалы әрі уақтылы орындау үшін барлық партиялық ресурстарды жұмылдырамыз. Әсіресе, бастауыш партия ұйымдарына басымдық беріледі. Қазір облысымызда  200-ден астам бастауыш ұйым бар. Бұл – үлкен күш. Оларды жандандырып, пікір алмасу, нақты мәселелерді шешу орнына айналуы үшін жұмыстарды бастап кеттік. Мәселен осы аптада өткен бастауыш ұйымдардың жиналысында  бірқатарының төрағалары ауысып, нақты беделі бар көшбасшылар сайланды. Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Партияның одан әрі өміршеңдігі сайлауалды уәделердің қаншалықты орындалатынына байланысты екенін түсіну керек» деді. Біз өңірлік сайлауалды бағдарламалардың іске асырылуына талдау жасап, орындалу сапасына ерекше назар аударып отырмыз. Осы  аптада облыстық мәслихаттағы депутаттарымызды жинап, фракция отырысын өткіземіз. «Nur Otan» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов өңірлік филиалдармен кеңесінде  «Jas Otan» жастар қанатының алдына да нақты міндеттер қойды. Мәселен, жастарды партия айналасына біріктіру, нақты жұмыс істейтін «әлеуметтік лифтілер» құру,  формальды іс-шаралардан бас тартып, жастардың барлық санаттарымен жұмысты жаңа форматта жүргізуі міндеттелді. Бүгінгі таңда, «Jas Otan» ЖҚ-ның аймақтағы филиалы өңірдегі 33 жастар ұйымымен байланысын жандандыра  бастады. Облыстық, қалалық және аудандық жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, бұрын ұйымдаспаған жастармен және ауыл жастарымен жұмысты қолға алды.  Оған 34 жас депутаттан тұратын жас депутаттар корпусы тартылып отыр. Сонымен қатар облыстағы танымал жастарды жастар қанатының қатарына біріктіру жұмыстары жүргізілуде. Сөз соңында айтарым, партияны жаңғыртусыз саяси жаңғырту процесі мүмкін емес. Ендеше «Nur Otan» еліміздің қоғамдық-саяси жағдайының сұраныстарына сәйкес өз жұмысын күшейтуге дайын. Алдағы Съезд партия трансформациясына мұрындық болмақ. Бұл маңызды жиында Қазақстанды демократияландырудың келесі кезеңі қаланады, қоғамды демократияландыру жалғасын табады.

Ербол ДАНАҒҰЛОВ,

партияның Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары