Сүндет тойға америкалық акуланы сойған әнші сынға ұшырады

Сүндет тойға америкалық акуланы сойған әнші сынға ұшырады

Сүндет тойға америкалық акуланы сойған әнші сынға ұшырады
ашық дереккөзі
Жетісайда әнші Әбдіжаппар Әлқожа ұлдарының сүндет тойында АҚШ-тан әкелінген акуланы сойды деп хабарлады turkystan.kz. Акуланың еті жарты сағатта пісіп, қонақтарға ұсынылған екен. Оны Бағдат Талғатұлы деген аспаз пісіріпті.
«Акуланың еті дастарханға шоу ретінде қойылды. Дәмі тауықтың етіне ұқсайды. Бірақ қышқылдау болып келеді. Етін көп адам жей бермейді. Акула деген аты ғана. Мен Алматыда мейрамханаларда балықтың түр-түрін, сегізаяқ, тіпті жыланды да тапсырыспен пісіретінмін. Ал тойда акуланың баласын пісірдік. Негізі, ол жабайы акула емес, жасанды түрі десе болады», - дейді ол.
Әншінің осы ісі желіде көп адамға ұнамай, сынға ұшырады. Акуланы әдейі той үшін сойғанын еріккеннің ермегі деп жатыр. Өзімен-өзі тіршілік етіп жүрген акуланың баласына обал болды деп жатқандар да бар.