Прокурор қақтығыстан кейін ұсталған 6 адамның қайтыс болғанын айтты

Прокурор қақтығыстан кейін ұсталған 6 адамның қайтыс болғанын айтты

Прокурор қақтығыстан кейін ұсталған 6 адамның қайтыс болғанын айтты
ашық дереккөзі
Бас прокуратура арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында қаңтардағы қақтағыстан кейін қайтыс болғандар туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Жақында ғана біз тергеуге рұқсат етілмеген анықтау әдістерін қолдану фактілері бойынша қылмыстық істерді қабылдадық. Бұрын оларды тергеумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары айналысқан. Бізге мұндай істердің барлығы берілмеді. Тек ауыр зардаптар, дәлірек айтқанда, ұсталғандардың өлімі тіркелген жағдайлар бойынша ғана. Біздің мәліметтеріміз бойынша, мұндай жағдайда Алматы қаласындағы уақытша ұстау изоляторында 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында 3 адам және Талдықорғанда 1 адам қаза тапқан», - деді Ризабек Ожаров.
Оның айтуынша, қадағалау органы Талдықорған тұрғынына қатысты үтік қолданып, азаптау туралы резонанстық істі алған. Арнайы прокурор нақтылағандай, азапталған Азамат Батырбаев әлі де тергеу изоляторында.
«Аталған фактілер бойынша тергеу жалғасып жатыр. Істің нәтижелері туралы міндетті түрде хабарлаймыз. Бірақ мұндай қылмыстар жаппай сипатқа ие болған жоқ деп айта аламын», - деді Ризабек Ожаров.