Қызылорда облысынан алдағы съезге 18 делегат сайланды

Қызылорда облысынан алдағы съезге 18 делегат сайланды

Қызылорда облысынан алдағы съезге 18 делегат сайланды
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен облыстық партия филиалы Саяси кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті. Кеңес мүшелері жиынға онлайн және офлайн форматта қатысты. Гүлшара Президент, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев партия жұмысын жаңғырту бағытында үлкен міндеттер жүктеген болатын. Осыған орай, партия Төрағасы 1 наурызда кезектен тыс XXII Съезді шақыру туралы шешім қабылдады және онда партия жұмысын жаңғыртудың негізгі бағыттары айқындалмақ. Жиында съезге облыс атынан қатысатын делегаттарды сайлау туралы мәселе қаралды. Қызылорда Филиал төрағасы Гүлшара Әбдіқалықова алдағы съезге облыстан делегаттарды сайлау өткен ХХІ съездегі секілді партия Жарғысына сәйкес, бастауыш партия ұйымдарының жиналыстары мен аумақтық, облыстық филиалдар конференцияларында емес, бүгінгі Саяси кеңес отырысында сайланатындығын атап өтті. Кеңес отырысында арнайы бөлінген квотаға сәйкес, партияның 1 наурызда өтетін кезектен тыс XXII Съезіне Сыр өңірінен 18 азамат делегат болып сайланды. Еске сала кетсек, Съезд онлайн форматта өтетін болады.