Жаңалықтар

«Болашақ» қоры аутизмі бар балалар үшін жаңа кітаптың тұсаукесерін өткізді

ашық дереккөзі

«Болашақ» қоры аутизмі бар балалар үшін жаңа кітаптың тұсаукесерін өткізді

Бүгін елордада «Болашақ» корпоративтік қоры «Ерекше балалар. Мінез-құлықты қолданбалы талдауға (АВА) кіріспе: проблемалы мінез-құлықты түзету қағидалары мен аутизм спектріндегі бұзылыстар және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларды үйрету стратегиялары» кітабының тұсаукесерін өткізді. Іс-шараға «Шеврон» компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Жанар Кошпанова, Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әйгерім Күдеринова, сондай-ақ өңірлерден мамандар мен ата-аналар қатысты. Кітаптың авторлары Юлия Эрц пен Юлия Мелешкевич жиналғандарға бейне үндеу жолдап, кітаптың құндылығы мен қазақ тіліне аударылуының маңыздылығына тоқталды. «Әділ, қолжетімді және сапалы білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету жаһандық қағидаттарын және инклюзивті құндылықтарды қолдауға ұмтылатын Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар және мүмкіндігі шектеулі балалардың саны артып келеді. Сондықтан «Шеврон» компаниясы инклюзияны дамыту қызметі арқасында танымал болған «Болашақ» қорымен серіктесе отырып, мінез-құлықты қолданбалы талдау бойынша құралды қазақ тіліне аударуға қолдау көрсетуге шешім қабылдады. Бұл әдістемелік құрал инклюзивті білім беру принциптерін ілгерілетуге және дамуында ерекшеліктері бар балалар үшін тең мүмкіндіктер қоғамын құруға елеулі үлес қосады деп сенеміз», – деп бөлісті Қазақстандағы «Шеврон» компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Жанар Қошпанова. Кітаптың тұсаукесері шегінде қор мамандары Қазақстанның өңірлерінен келген мамандар мен ерекше балалардың ата-аналары үшін мінез-құлықты қолданбалы талдау бойынша бір топ семинарлар өткізді. Айта кетейік, ҚР БҒМ ресми деректері бойынша Қазақстанда ерекше білім беру қажеттілігі бар 175 082 бала тұрады, оның 8 796-да аутизм бар. Жалпы, бейресми деректер бойынша Қазақстанда аутизм бар 30 мыңнан астам бала бар. «Болашақ» корпоративтік қорының «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасы аутизм және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларға арналған инклюзивті білім беру моделін әзірлеуге және Қазақстанның жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда енгізуге бағытталған. Қор 2015 жылдан бері Қазақстанның 17 аймағында 46 инклюзияны қолдау кабинетін ашты. 3500-ден астам маман инклюзивті білім беру және мінез-құлықты қолданбалы талдау бойынша оқудан өтті, 420 жұмыс орны құрылды, 58 кабинет бүкіл Қазақстан бойынша істейтін қор мамандарының курациясымен жұмыс істейді. ҚР БҒМ мақұлдаған мінез-құлықты қолданбалы талдау негіздері бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру курсы әзірленді және іске қосылды. Қор ЕББҚ бар балаларды алаламау және сапалы білім алу бөлігінде ҚР қолданыстағы заңнамасына 80-нен астам өзгерістер енгізді. «Болашақ» қоры мамандарды оқытуға, инклюзивті білім беру саласында жұмыс істейтін қазақстандық педагогтердің білім деңгейі мен құзыреттілігін арттыруға көп көңіл бөледі. Қор кадрларды оқыту жүйесін ең басынан құрды, оның өзіндік мамандар иерархиясы бар – педагог-ассистент, мұғалім, куратор, супервайзер. Жыл сайын қор АВА терапиясы бойынша халықаралық сертификаттау курстарында ондаған педагогтердің оқуына ақы төлейді, ал қордың мінез-құлық талдаушылары бүкіл Қазақстан бойынша жүздеген мұғалімдер мен ассистент-педагогтерді оқытады. Бір жыл бұрын қор ерекше балалармен жұмыс істейтін педагогтерге арналған біліктілікті арттыру курсын әзірлеп, іске қосты. «Мінез-құлықты қолданбалы талдау (ABA-терапия) әдістерін пайдалана отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» курсы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Сараптамалық комиссиясының шешімімен бекітіліп, министрліктің біліктілікті арттыру курстары тізіміне енгізілді. Министрліктің біліктілігін арттыру курстарының. Курста мінез-құлықтық тәсілді және құралдарды пайдалануды, дағдыларды, вербалдық дағдыларды бағалау, ЕББҚ бар балалардың жағымсыз мінез-құлқын түзету құралдарын қолдануды үйретеді. Қазірдің өзінде әртүрлі аймақтардан 1300-ден астам маман педагог-ассистенттер, логопедтер, дефектологтар, әлеуметтік қызметкерлер, АВА-терапистері, ерекше балалардың ата-аналары онлайн курстың тыңдаушылары болды. Келесі курс ағыны 2022 жылдың наурыз айында басталады. Курстың дәріс оқушылары – «Болашақ» қорының «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасының кураторлары. Олар – әлемдік деңгейдегі сертификат алған Қазақстандағы алғашқы мінез-құлық талдаушыларының бірі, мінез-құлық талдаушыларының халықаралық сертификаттарының иегерлері. Өткен жылы курс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сараптамасынан сәтті өтіп, министрліктің біліктілік арттыру курстарының тізіміне қосылды. «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасы Қысқы қайырымдылық балынан түскен қайырымдылық қаражат және демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады. Жоба серіктестері – «Nur Otan» партиясы, жергілікті атқарушы органдар.