Винокуров Абзал Әжіғалиевке велосипед сыйлады

Винокуров Абзал Әжіғалиевке велосипед сыйлады

Винокуров Абзал Әжіғалиевке велосипед сыйлады
ашық дереккөзі
Велоспорттан Олимпиада чемпионы Александр Винокуров шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшесі Абзал Әжіғалиевке велосипед сыйлады деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы спортшы өзінің желідегі жазбасында айтты.
«Бүгін маған беймәлім телефон нөмірінен бір кісі хабарласты. Телефонды көтерсем, Александр Винокуров екен. Шыны керек, кешегі жазбамнан кейін бір тәулік өтпей жатып, телефон соққанына таңқалдым. Ол менің жазбамды оқыпты. Мені қолдайтынын айтып, Бейжің Олимпиадасындағы нәтижеммен құттықтады. Сосын ол үйіне қонаққа шақырып, велосипед сыйлады. Мен үшін бұл жай сыйлық емес. Қазақта «Көңіл көңілден су ішеді» дейді ғой. Ең бастысы, оның көңіліне риза болдым», – деді ол.
Одан әрі спортшы Винокуровтың кезінде өзі де осындай қиын жағдайда болғанын, сол кездегі стрессті қалай жеңіп шыққанын айтты.
«Осындай кезде оның қолдау көрсеткеніне ризамын. Қазір көңіл-күйімді бір ауыз сөзбен жеткізе алмай тұрмын», – деді Абзал Әжіғалиев.