Алматыда нөмірі жоқ автокөлік жол бойында артымен жүрген (ВИДЕО)

Алматыда нөмірі жоқ автокөлік жол бойында артымен жүрген (ВИДЕО)

Алматыда нөмірі жоқ автокөлік жол бойында артымен жүрген (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Алматыда бір есерсоқ жол жүру ережесін өрескел бұзып, бірнеше көліктің қатысуымен жаппай жол апатының туындауына себепкер болған деп жазды turkystan.kz. Видео Instagram желісіндегі almaty_kris_p парақшасына жарияланды. Кадрдан кешқұрым Саин көшесінде келе жатқан көлік жүргізушісінің кілт тоқтап, «темір тұлпарының» мемлекеттік нөмірін шешіп алғанын көруге болады. Видео авторы содан кейін артпен жүрген ессіз жігіттің кінәсінен сол жерде бірнеше көлік соқтығысқанын жазды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ALMATY KRIS P|21+🇰🇿 (@almaty_kris_p)

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, арнайы батальон қызметкерлері бұл факті бойынша тексерісті бастаған.
«Көлік жүргізушісінің жеке басы анықталды. Жергілікті полиция қызметі құқық бұзушыны іздестіріп жатыр. Бұл видеоға қатысушылардың әрқайсысы міндетті түрде жауапқа тартылады. Олардың әрқайсысына құқықтық баға береміз. Олар заң бойынша жауап береді», - деді ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.