Странджа мемориалына Ресей құрамасының атынан қазақ қызы қатысып жатыр

Странджа мемориалына Ресей құрамасының атынан қазақ қызы қатысып жатыр

Странджа мемориалына Ресей құрамасының атынан қазақ қызы қатысып жатыр
ашық дереккөзі
Болгарияның София қаласында өтіп жатқан Странджа турниріне Ресей құрама командасының сапында қазақ қызы Салтанат Меденова қатысып жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Салтанат Серікқызы Ресейдің Омбы қаласында тұрады. Ол - Ресей чемпионы және әлем кубогының иегері. Сонымен қатар Салтанат жастар арасында Еуропа чемпионатының қола жүлдегері. Кеше ол Германияның өкілі Ирина Чонбергерді айқын басымдықпен ұтып, жекпе-жек уақытынан бұрын тоқтатылды. 20 жастағы қандасымызға турнирде топ жаруына тілектеспіз. Ал осы турнирге қатысып жатқан Қазақстан құрама командасы қыздарының арасында Аида Әбікеева мен Валерия Аксенова (+81 кг) қарсыластарынан жеңіліп қалды. Аида 63 келі салмақта сынға түсіп, үнді бойжеткені Парвиннен 0:5 есебімен ұтылса, Валерия да үнділік Нандиниден айласын асыра алмады. Осыдан кейін ерлер арасында 57 келі салмақта Бейбарыс Жексен франциялық боксшы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Сэмюел Кистохарриді, осы салмақ дәрежесіндегі екінші отандасымыз Оразбек Асылқұлов қырғыз Женишбек Белашаровты айқын басымдықпен ұтты. 60 келіде Василий Самчук Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, ағылшын Найл Фарреллді 4:1 есебімен ұтты. Осы салмақтағы тағы бір үмітіміз Әділет Құрметовтің германиялық түрік Мұрат Иылдырымға шамасы жетпеді. Сөйтіп, Болгарияның астанасында кешегі жарыста 9 боксшымыз жеңіске жетсе, үшеуі турнирді аяқтады.