Жаңалықтар

Алматыда үйінде мефедрон мен тапанша жасырған ер адам ұсталды

ашық дереккөзі

Алматыда үйінде мефедрон мен тапанша жасырған ер адам ұсталды

Алматылықтың үйінен есірті мен оқ-дәрілері бар «Макаров» тапаншасы тәркіленді деп жазды turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Қалалық Полиция департаменті қызметкерлерінің айтуынша, арнайы іс-шараны Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен полицияның арнайы жасақтары бірігіп жүргізген. «Жедел-іздеу іс-шарасы барысында 26 жастағы Г. есімді азамат ұсталды. Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде ақ түсті ұнтақ заты бар 2 полиэтилен бума мен 4 оқ-дәрі және «Макаров» тапаншасы табылды. Мамандардың айтуынша, тәркіленген тапанша ұңғысын ауыстыру арқылы оқ атуға арналған атыс қаруы болып есептеледі. Қару атуға жарамды», - деді Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалған.