Алматыда үйінде мефедрон мен тапанша жасырған ер адам ұсталды

Алматыда үйінде мефедрон мен тапанша жасырған ер адам ұсталды

Алматыда үйінде мефедрон мен тапанша жасырған ер адам ұсталды
ашық дереккөзі
Алматылықтың үйінен есірті мен оқ-дәрілері бар «Макаров» тапаншасы тәркіленді деп жазды turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Қалалық Полиция департаменті қызметкерлерінің айтуынша, арнайы іс-шараны Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен полицияның арнайы жасақтары бірігіп жүргізген.
«Жедел-іздеу іс-шарасы барысында 26 жастағы Г. есімді азамат ұсталды. Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде ақ түсті ұнтақ заты бар 2 полиэтилен бума мен 4 оқ-дәрі және «Макаров» тапаншасы табылды. Мамандардың айтуынша, тәркіленген тапанша ұңғысын ауыстыру арқылы оқ атуға арналған атыс қаруы болып есептеледі. Қару атуға жарамды», - деді Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалған.