Ұлыбритания ресейлік банктер мен кәсіпкерлерге санкция салды

Ұлыбритания ресейлік банктер мен кәсіпкерлерге санкция салды

Ұлыбритания ресейлік банктер мен кәсіпкерлерге санкция салды
ашық дереккөзі
Тұманды Альбион билігі Ресейдің 5 банкі мен 3 кәсіпкеріне қарсы шектеу шараларын енгізді деп жазды turkystan.kz Reuters.com сайтына сілтеме жасап. Агенттіктің мәліметінше, санкцияларға ұшыраған кәсіпкерлердің қатарында ресейлік және фин бизнесмені, қоғам қайраткері, Владимир Путиннің жақын досы және одақтасы Геннадий Тимченко да бар.
«Ресейдің 5 банкі мен 3 кәсіпкердің кез келген активтеріне және Ұлыбританияға кіруіне тыйым салынды. Бұл - біз жасауға дайын істің алғашқы толқыны, бірінші бөлім. «Россия», IS Банк, General Bank, Промсвязьбанк және Қара теңіз Банкі санкцияларға ұшырады», - деді  елдің Премьер-министрі Борис Джонсон.