Пойыз билеттері жыл басында шамамен 6 пайызға қымбаттады

Пойыз билеттері жыл басында шамамен 6 пайызға қымбаттады

Пойыз билеттері жыл басында шамамен 6 пайызға қымбаттады
ашық дереккөзі
Қазақстанда бір жылда әлеуметтік маңызы бар бағыттарда темір жол билеттерінің бағасы айтарлықтай қымбаттады деп жазды turkystan.kz Energyprom.kz-ке сілтеме жасап. Сарапшылардың мәліметінше, биылғы қаңтар айында жолаушылардың темір жол көлігі қызметтерінің бағасы бір жылда 5,7%-ға өскен. Маңғыстау облысының тұрғындары бір жылда бағаның 13,1%-ға өскенін сезінді. Жылдың алғашқы айында темір жол көлігімен 1,3 миллион адам тасымалданған. Қаңтардағы оқиғаларға қарамастан, бұл былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 21,7%-ға көп. Жолаушылар тасымалы бойынша елорда (333,4 мың адам) көш бастап тұр. Сондай-ақ Ақтөбе және Қызылорда облыстары үздік үштікке кіреді. 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда тасымалдар 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 40,1%-ға (15,9 млн адам) дейін өскен.