Қазақстаннан Мысырға рейстер қайта ашылады

Қазақстаннан Мысырға рейстер қайта ашылады

Қазақстаннан Мысырға рейстер қайта ашылады
ашық дереккөзі
Наурыздың басынан отандық әуекомпаниялардың ұшақтары Мысырға қайта ұша бастайды деп жазды turkystan.kz Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2022 жылғы 17 ақпандағы шешіміне сәйкес, Қазақстан мен Мысыр арасындағы әуе рейстері қайта ашылады. Наурыздың басынан Қазақстанның Air Astana, Fly Arystan және SCAT әуе компаниялары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Орал және Қостанай қалаларынан Шарм-эль-Шейхке ұша бастайды», - делінген комитеттің хабарламасында.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестелерге сәйкес орындалады.