«Әуелбековаға еліктеп...»: Аша Матай да «оранып» алды

«Әуелбековаға еліктеп...»: Аша Матай да «оранып» алды

«Әуелбековаға еліктеп...»: Аша Матай да «оранып» алды
ашық дереккөзі
Аша Матай хиджаб киді. Әнші өткен жұма күні көпшілікті құттықтап, ақ тілегін жазды деп хабарлады turkystan.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.  Желідегі оқырмандары әншіге хиджаб жарасатынын жарыса жазып жатыр. Енді бірі орамалды қор қылма деп кеңес айтты.
«Қасиетті жұма күні тілеген дұға тілектеріңіз қабыл болсын» деп жазды әнші.
Көпшілік Аша Матайды өзге хиджабтағыларға еліктеп жүр деген де пікір білдіріп жатыр.
«Сізге орамал әдемі жарасады екен», «Шешпесеңіз, одан да жақсы болар еді», «Шешеді ғой, уақытша ғой әншілердікі», «Орамалды бір шешіп, бір киетін әншілер жүр ғой», «Әркім не істесе де өзі біледі, ел шешпейді», «Мөлдір Әуелбековаға еліктеп жүрсіз бе?», «Орамалды жұма күні бәріміз тағамыз, оған таңғалудың керегі жоқ» деп жазды олар.
Көпшілік сынға алғандай, әнші Ақбота Сейітмағамбет пен Роза Әлқожа бір кездері орамал таққанын жұртқа мәлімдеген еді. Араға уақыт салып, олар орамалын шешті. Ал қазір Индира Расылхан мен Мөлдір Әуелбекова хиджабта. Сахнаға жабық стильде шығып жүр. Тіпті Индира Расылхан хиджаб үшін өнерден кететінін айтқан еді.