Ресейлік жеке кәсіпкерлер сыра сату құқығынан айрылмақ

Ресейлік жеке кәсіпкерлер сыра сату құқығынан айрылмақ

Ресейлік жеке кәсіпкерлер сыра сату құқығынан айрылмақ
ашық дереккөзі

2017 жылдан бастап Ресейде жеке кәсіпкерлерге сыраны бөлшек саудаға шығаруға тыйым салынуы мүмкін. Мұндай бастаманы  РФ Қаржы министрлігі ұсынып оты.

Ведомствоның жоспарына сәйкес, шектеулер 2017 жылдың 1 шілдесінен басталуы тиіс. Тыйым Қырым мен Севастополь басқа елдің барлық өңірлерін қамтымақ. Аталмыш аймақтарда шектеу 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Жеке кәсіпкерлер тек сыраны ғана емес, сидр, пуаре мен медовуха сияқты ішімдіктерді де бөлшек саудаға шығару құқығынан айрылады. Қаржы министрлігінің болжамынша, мұндай шектеу шаралары елдегі алкогольді өнімдердің көлеңкелі саудасына шек қояды.