«ҚазТрансГаз Аймақ» филиалы халықты қанап келген

«ҚазТрансГаз Аймақ» филиалы халықты қанап келген

«ҚазТрансГаз Аймақ» филиалы халықты қанап келген
ашық дереккөзі
«ҚазТрансГаз Аймақ» Қызылорда өндірістік филиалы 1,4 млрд теңге негізсіз табыс тапқан деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Яғни, Табиғи монополияларды реттеу департаментімен бекітілген тарифті жоғарылату арқылы халықтан артық төлем алып келген. Бұл туралы Қызылорда облыстық соты мәлімдеді
«2019 жылдың қараша айында тарифті 34,6 пайызға төмендету туралы бұйрық шығарған. Ол бұйрық - 5 жылға бекітілген тариф. Бұйрық 2020 жылдың қаңтар айынан қолданылуы тиіс болған. Алайда «ҚазТрансГаз Аймақ» сол күйі халыққа бекітілмеген тарифпен қызмет көрсете берген», - деді Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы Жанат Оспанова.
Соттың ақпаратынша, филиал тұтынушылардан алған артық ақшаны газдың бағасын төмендету арқылы қайтармақ. Тағы оқи отырыңыз: Президент бағаны реттеп, тарифтерге мораторий енгізуді тапсырды