Партия құрамы жасарып келеді

Партия құрамы жасарып келеді

Партия құрамы жасарып келеді
ашық дереккөзі
Nur Otan партиясының соны идеялары мен тың бастамаларының халық арасына кеңінен таралуы және қолдау табуы жергілікті жерлердегі мүшелерінің белсенділігіне байланысты. Сондықтан да партияның бастауыш ұйымдарының жұмысына ерекше көңіл бөлінеді деп жазды turkystan.kz. Ақтөбе облысының Шалқар ауданында партияның 22 бастауыш ұйымы тіркелген. Жақында соның бірі – «Нұрхан» бастауыш ұйымында Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезі қарсаңында жергілікті активтің жиыны өтті. Оны бастауыш ұйым төрағасы Айгүл Шалабаева ашып, жүргізді. Жиынға Nur Otan партиясы Шалқар аудандық саяси Кеңес бюросының мүшесі, қалалық Есеп және статистика бөлімінің меңгерушісі Айнагүл Жұмағұлова, тағы бірқатар ресми өкілдер қатысты. Күн тәртібіне сәйкес, мұнда ел Президентінің «Жаңа Қазақстанды» құру мен жаңғыртуға бағытталған саяси бағыт-бағдары түсіндірілді. Сондай-ақ білім беру мәселесіне қатысты сұрақтар көтерілді. Ол түсінікті де еді, өйткені «Нұрханның» мүшелерінің 80 пайызға жуығы білім саласының мамандары. Одан бөлек, ауылдың тұрмыстық проблемалары талқыланды. Бастауыш ұйымның белсенді мүшесі Нұрболат Мұрсалов ауылда жұмыссыздық азайғанын, дегенмен жастарды баспанамен қамтамасыз ету ісінде біршама қиындықтар туындап отырғанын жеткізді. Сондай-ақ мұндай жиын Темір ауданының Ақсай ауылдық округінде де өтті. Жиналысты бастауыш ұйым төрағасы Еламан Бегімов ашып, жүргізді. Оған аудандық мәслихаттың депутаты, партия фракциясының мүшесі Әлиасқар Кенжеғалиев, аудандық филиалдың кеңесшісі Әлкен Мұстафин қатысып, сөз сөйледі.
«Мен Nur Otan партиясының Айсай ауылдық округі бойынша жауапты мүшесі болып сайланғандықтан, бұл елді мекеннің проблемаларымен жақсы таныспын. Ауылдың жағдайы жылдан-жылға жақсарып келеді. Жастар арасында жұмыссыздық азайды. Осыдан екі жыл бұрын газ тартылды, ауызсу мәселесі толық шешілді. Көшені жарықтандыру, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Енді елді мекенге кіреберістегі жолдың бас жағы мен ішкі екі көшеге асфальт төсеу жоспарланып отыр», – дейді Әлиасқар Кенжеғалиев.
Бүгінде Ақсай ауылында Nur Otan партиясының 70-ке жуық мүшесі бар, оның 50 пайызы жастар. Бұл жас қауымның партияның жетекшілік рөліне деген сенімін білдірсе керек. Бастауыш ұйым төрағасы Е.Бегімов алдағы уақытта саяси ұйымның қатарына жастарды әлі де көптеп тарта беретіндіктерін айтты. Сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ филиалында партияның бастауыш ұйымының жиыны өтіп, онда көпшіліктің қалауымен Шолпан Дәрібай келесі кезеңге дейін тағы да төраға болып сайланды. Мұндай жиын «Алға газ учаскесі» бастауыш ұйымда да ұйымдастырылды. Жиналысқа ұйым жетекшісінің орынбасары Асқар Нұрғалиев төрағалық етті. Тағы оқи отырыңыз: Мақсат пен міндет айқын