Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы және Жамбыл облыстарында ауа райының күрт суып кетуіне байланысты автокөлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады жергілікті баспасөз.
Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы 30-35 градусқа дейін төмендеп кетті, облыс бойынша қоғамдық көліктің барлық түрлеріне шектеу енгізілді. Павлодар облысында "Омск - Майқапшағай" күрең жолының Кенжекөл ауылынан Шығыс Қазақстан шекарасына дейінгі аралықтағы жолы жабылды.
Алматы облысында "Алматы - Өскемен" автожолының қаладан Шығыс Қазақстан облысына дейінгі шекарасында қоғамдық автокөлік түрлерінің қозғалысы шектелді.
Жамбыл облысында "Алматы - Ташкент" жолында автокөліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылған. Өйткені бұл аймақта қалың қар жауып тұр.
24-25 қарашада Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында қар жауып, боран болады. Қазір бұл айтмақтарға арнайы ескерту жарияланды.