«Донецк пен Луганск облыстарында қалған жерлерді қайтарамыз» – «ЛХР» мен «ДХР» басшылары

«Донецк пен Луганск облыстарында қалған жерлерді қайтарамыз» – «ЛХР» мен «ДХР» басшылары

«Донецк пен Луганск облыстарында қалған жерлерді қайтарамыз» – «ЛХР» мен «ДХР» басшылары
ашық дереккөзі
Ресей Президенті Владимир Путиннің төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің жиналысында Ішкі істер министрі Владимир Колокольцев «Донецк Халық Республикасы» және «Луганск Халық Республикасы» деген құрылымдардың басшылары Украинаның Донецк және Луганск облыстарында қалған жерлерді қайтаруға ниетті екендігін айтты деп хабарлады turkystan.kz. Бірақ, жиналыста бұл әңгіме сол жерде қалып, оған ешкім бәлендей мән бермепті. Интернеттегі бейнежазбаларда дәл сол тұсы қиылған екен. «Орыс ойындағысын айтады» демекші, орыс генералы ойнап айтса да ойындағысын ойланбай айтқаны сөзсіз.