Жаңалықтар

«Путиннің тістеніп сөйлегенінен Украинаны жеккөретіні айқын көрінді» - сарапшы

ашық дереккөзі

«Путиннің тістеніп сөйлегенінен Украинаны жеккөретіні айқын көрінді» - сарапшы

Қоғам белсендісі әрі сарапшы Қуаныш Еділхантегі өзінің Facebook-тегі парақшасында Ресей мен Украина арасындағы текетіреске қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz. «Сонымен... не болды? Қысқаша айтқанда, Путин екі «қуыршақ республиканы» танып, өз армиясын солардың жеріне ресми түрде кіргізетін болды. Олар онда түпкілікті орналасып, өз әскери базаларын орнататын болады. Бұл - оның НАТО-ға берген жауабы. Мұнысымен ол халықаралық нормаларды өрескел бұзып, Украинамен арадағы өзара бір-бірінің жеріне қол сұқпау, стратегиялық әріптестік, т.б. толып жатқан келісімдерді мусор шелекке лақтырды деген сөз», - дейді сарапшы. Оның айтуынша, орыстармен келісім, олардың кепілдігі дегендер жәй әншейін бос әңгіме екендігі кезекті рет дәлелденген. «Енді не болады? Барлық демократиялық елдер мұны айыптап жатыр. Әзірге санкциялар салынады. Эффектісі қаншалықты болады, оны көрерміз. Путиннің тістеніп тұрып сөйлеген сөздерінен Украинаны мүлдем жеккөретіні айқын көрініп тұрды...», - деді ол.