Теріс діни ағымды ұстанушылар жасырын майнинг фермасын ашқан

Теріс діни ағымды ұстанушылар жасырын майнинг фермасын ашқан

Теріс діни ағымды ұстанушылар жасырын майнинг фермасын ашқан
ашық дереккөзі
Ақмола облысы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, Атбасар қаласында майнинг фермасының көзін жойды деп жазды turkystan.kz. Бұл ферманың деструктивті діни ағымның жақтаушыларына тиесілі екені анықталды. Тінту кезінде Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері құрал-жабдықтарды, 20 шифрлау кешенін және криптовалютаны құруға арналған ондаған видеокартаны тапты. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.