«Рыжий Алмас, Киса, Атабамен жұмыс істедік»: Жәкішевтің оққағары бар шындықты айтты (ВИДЕО)

Талғат Қыстаубаев – Қазатомөнеркәсіптің бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің оққағары әрі сенімді серіктесі. 10 жылдан аса жеке оққағар болған ол «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында бірталай мәселенің басын ашты деп хабарлады turkystan.kz caravan.kz-ке сілтеме жасап.

«Жәкішевке ашық қастандық жасалған оқиғалар болған жоқ. Бірақ жұмыс істеген кезде әртүрлі адамдар келіп жүрді. Мен өзім органда істегендіктен, кезінде қылмыс әлемінің адамдарымен таныс болдым. Себебі оған дейін өзім органда істедім. Тіпті, біреулер келсе де, сөйлессе де мені танитын. Өйткені бұрын көрген. Оққағардың жұмысы негізі қиын ғой. Қастандық жасау үшін олар бірінші тексереді. Қасында кім жүр, қандай адам деп. Оққағарлар әртүрлі болады. Біреу қару ату жағынан шебер. Біреулер спортшы. Мысалы, Жәкішевке қастандық жасау үшін алдымен күзетшіні зерттейді деген сияқты»,- деді ол.

Қылмыс әлемінің адамдарын жиі көрген Талғат Қыстаубаевқа олардың сырттай таныстығы да кейбір жағдайда оң әсер еткен көрінеді.

«Кезінде рэкет дейміз ғой, қылмыс әлемінің адамдарымен жарысқа бірге қатыстық, бір спортзалда жаттықтық. Чеваниден бастасақ, Рыжий Алмас, Черный Алмаз, Атаба, Баха Фестиваль, Киса, Төрт ағайынды бәрімен жұмыс істедік. Өйткені біз жаттығып жүрген уақыттарда қалада негізгі санаулы ғана жаттығу залдары болды. Оларды кезінде ұстап қамадық, бірақ оларға сен бандитсің, шпионсың деп емес, адамгершілікпен қарадық. Сол себепті олар кейін кезіккенде сыйластық танытатындары», – дейді Жәкішевтің оққағары.

Ал Мұхтар Жәкішевті 2009 жылы қамаған.

«21 маусым күні Алматыдан Астанаға шығарып салдым. Ол кісі Путин келді, жолығатын болдым деп ұшып кетті. Ертеңінде түстен кейін қамады деген хабар естідім. Қасында ол кезде болмағандықтан кездескенін нақты білмеймін. Көп өтпей мені ҰҚК ғимаратына шақырды. Барсам, есік алдында күтіп тұр екен. Сол жерде бірден кісен салды қолыма», – деді ол.

Қыстаубаевты кейін Астанадағы ҰҚК тергеу абақтысына апарады. Соңынан сотталады. Тергеу абақтысында 1,5 жыл отырған оққағар 2,5 жыл тағы отырып шығады. Ал Мұхтар Жәкішев 11 жылда 3 түрмеде отырған. Соның бірі – Қарағанды түрмесі. Талғат Қыстаубаевтың айтуынша, әр түрме әртүрлі екен.

«Әр жерде әртүрлі. Мысалы, Карлагта дубинкамен қарсы алады, бас-көз деп қарамай ұратын заңы бар. Ол – бұрыннан келе жатқан жүйе», – деді ол.

Дегенмен, Жәкішев отырған кезде Қарағанды түрмесінде ұрып-соғатын қатаң заң өзгеріп, тәртіп орнапты.

«Ол үлкен шу болды ғой. Ол кісіден бұрын ол жерде Карлагта бұрынғы Ішкі істер министрі отырды. Соны ұрып-соққан. Арты үлкен шуға айналды. Тергеу басталды. Серік Баймағамбетов сол жерде отырды. Оны ұрды»,- деді Қыстаубаев.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button